27.06.2019, 18:45
Оқылды: 108

Журналистерге құрмет көрсетті

Президенттің тапсырмасымен Үкімет  «28 маусым – Бұқаралық  ақпарат қызметкерлерінің күні» деп  бекітті. Бүгін Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев кәсіби мерекелеріне орай «Сырым елі» газетінің ұжымы мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың ақпараттық қызметкерлерін  қабылдады.

IMG_8366-27-06-19-03-28

Аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының бүгінде алар орнына тоқталып, журналистерді Мұрат Әуезовше халыққа ақжолтай жаңалықты  сүйінші сұрап жазатын періштеге теңеді. Кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Аудан басшысы «Сырым елі» газетінің халық разы болған үлкен жобасы «Газеттен жасалған үй» үшін ерекше алғысын білдірді. Зейнеткерлік жасқа толған редакцияның көлік жүргізушісі Темірболат Құспановқа алғысхат табыс етті. Қалған қызметкерлерге естелік сыйлық ұсынды. Ардагер журналист, ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Махмет Қажиахметов  аудан әкіміне қабылдау үшін рахмет айтып,  газетте жасаған жылдарынан естелікпен бөлісті. Өзі зейнетке шыққан ұжымның облыста алдыңғы қатарда қызмет жасап жатқанына разылығын білдірді.

IMG_8368-27-06-19-03-28

«Сырым елі» газетінің  редакторы  Бауыржан Ширмединұлы  редакция ұжымының алға қойған мақсаттарын айтып,  редакцияға күрделі жөндеу,  су өткізу,  редакция ауласына оқырмандар аллеясын,  қалам ұстаған қолдың композициясын қою, тағы басқаларды жүзеге асыруда аудан басшысынан қолдау сұрады.

IMG_8369-27-06-19-03-28

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағыпарақшамыздан және Telegramарнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале