19.09.2017, 16:28
Оқылды: 18

«Жыл соңына дейін мал бордақылау кооперативтері әр ауылдық округте құрылуы тиіс»

????????????????????????????????????

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифингте Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады.


Әділ Тауфихұлының мәлімдеуінше, жыл басынан бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 1313,8 илн теңгені, ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлем жеті айда 640,8 млн теңгені құраған. Сонымен қатар, бөлшек саудадағы тауар айналымы 5 млрд 407 млн теңгеге жеткен.

Мал өсіру – аудан халқының ата кәсібі. Осы орайда аудан шаруалары асыл тұқымды мал өсіруге бағытталған «Сыбаға», «Құлан», «2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы қораларын малға толтыруда. Мәселен, өңірдегі ірі қара малы 7,6, жылқы 14,5 пайызға көбейген. Малдың тұқымдық сапасын жақсартып, өнімділігін арттыру үшін мал басын асылдандыру қажеттігін шаруалар түсініп келеді. Қазіргі таңда аудан бойынша 30 ірі қара, 6 жылқы, 2 қой өсіретін асыл тұқымды шаруашылық бар. Биыл аудан бойынша тұқымдық түрлендіру аясында селекциялық және асылдандыру жұмыстарына қатысатын шаруа қожалықтарының үлесі былтырғыға қарағанда басымырақ. 2016 жылы 17 шаруа қожалығы 10569 баспен қатысса, биыл 20 шаруа қожалығы 11000 бас аналықпен қатысуға ниетті. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 3 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі мал бордақылау шараларын қолға алса, 22-сі тұқымдық түрлендіру бағытында жұмыстануда. «БатысМарқаЛамб» ЖШС жанынан ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды, мал бордақылау кооперативтері жыл соңына дейін әр ауылдық округте құрылуы тиіс. Ақжайықтық шаруалар қолға алған игілікті істің бірі – Алмалы ауылдық округіндегі алма бағы. Жергілікті азаматтар тамшылатып суару әдісін қолданып, 9 гектар жерге алма ағаштарын еккен.

Брифингте Әділ Жоламанов өңірдегі суармалы алқаптарды көбейту бағытындағы жұмыстардың жай-жапсарын баян етті. Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 52 млн теңгеге Жайық-Көшім суармалау-суландыру жүйесіндегі коммуналдық меншікте тұрған 5 канал мен 23 көлтабанның, сонымен қатар Қашкен, Ащы-Азнабай-Тайпақ, Азнабай-Тайпақ каналдарының және №53 лиман деп аталатын көлтабанның құжаттары дайындалған. Жыл соңына дейін құжаттар толық рәсімделуі тиіс. 2016 жылы 24 шаруа қожалығына қарасты 29655 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, биыл 5 шаруа қожалығынан  мақсатты пайдаланбаған 11506 гектар жер қайтарылды.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале