30.12.2016, 14:13
Оқылды: 22

«Жыл үздіктері» марапатталды

????????????????????????????????????

  Жаңа жыл қарсаңында Қаратөбе ауданында 2016 жылдың жұмыс қорытындысына сай сала бойынша жыл үздіктері марапатталды.

  Салтанатты шараны аудан әкімі Асхат Шахаров құттықтау сөз сөйлеп ашты. Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Ғалымгерей Қайырғалиев «Үздік мемлекеттік қызметкер», аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Рамазан Қыдырашев «Үздік құрылысшы», Сулыкөл ауылдық округінің «Нұртөре» шаруа қожалығының жетекшісі Талғат Қуанышкереев «Үздік шаруа қожалығының жетекшісі»,  аудандық ветеринариялық станциясы мекемесінің аға мал дәрігері Сәбит Ғазиев «Үздік ветеринар», қаратөбелік кәсіпкер Гүлнар Мұсаева «Үздік меценат», Қаратөбе аудандық электр торабының электригі Әнуарбек Оразов «Үздік электрик», аудандық орталық аурухананың медбикесі Гүлмайса Шұқанова «Үздік медицина саласының қызметкері», Қаратөбе мектеп-гимназиясының физика пәнінің мұғалімі Гүлжайна Упағалиева «Білім беру саласының үздігі», Жусандыой ауылдық округінің учаскелік полиция инпекторы Нұрхат Қойшиев «Үздік полиция қызметкері», Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Нұрхат Нысанов «Үздік жаттықтырушы», дарынды жас ақын Райымбек Өтепов «Өнер үздігі» аталымдарын иеленді.

  Аудан әкімі Асхат Шахаров қаратөбелік кәсіпкер Берік Шұқановқа кәсіпкерлік істі дамытудағы елеулі еңбегіне орай Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хатын табыстады.

  Өнерпаздардың орындауындағы әсем әндер бағдарламаны тамашалаушыларға мерекелік көтеріңкі көңіл сыйлады.

                                                                                   Ерболат РАЙСОВ

                                                                                       Қаратөбе ауданы 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале