13.10.2017, 16:35
Оқылды: 46

Жымпиты ауылы қасиетті жерлер тізіміне енді

Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында бүгінгі күні Қазақстанның қасиетті жерлерінің тізімі жасақталып жатыр.

Біз үшін қуанышты жайт сол, елдің қасиетті жерлерінің республикалық тізіміне мемлекет үшін тарихи әрі саяси жер ретінде Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылы еніпті. Бұл туралы өзінің Сырым ауданындағы сапарында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы «Қасиетті Қазақстан» орталығының жетекшісі Берік Әбдіғали мәлімдеді.

Жымпиты өңірі жалпақ жұртқа қазақ мемлекеттілігінің идеясы жүзеге асқан жер ретінде белгілі. Дәл осы Жымпитыда ХХ ғасырдың басында Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесі қызмет етті. Тізімге Жымпитының енуінің арғы жағында Алаш қайраткерлерінің тұлғалық жолы мен Алаш идеясын насихаттау ісі жатыр. Рухани жаңғыру – кезінде алаштықтардың да асыл мұраты болған. Сол мұрат енді Тәуелсіздікпен бірге қайта тірілмек.

Аудандағы мұражайлармен танысқан орталық жетекшісі Берік Әбдіғали бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиевтің қабылдауында болды.

 Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале