2.04.2020, 16:25
Оқылды: 106

Жымпиты дезинфекциялануда

Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылын дезинфекциялау жұмысы жүйелі жүріп жатыр.

dav

Аудан әкімінің орынбасары Ерболат Ахметовтың сөзінше, халық жиі қатынайтын С.Датов көшесіндегі орталық базардың маңы, аудандық аурухана алаңқайы, жолаушылар тоқтайтын Самара – Шымкент тас жолының бойында орналасқан «Жібек жолы», «Жолаушы» секілді кәсіпкерлік нысандардың маңы бұқырланыпты. Бүгін Жымпитыдағы екі жатақхана дезинфекцияланды.

dav

Бұқырлау жұмыстары Сырым аудандық ветеринарлық станциясының ДУК аппараты арқылы жасалып жатыр. Түс уақытында станцияның қызметкері Самат Гусмановты жұмыс үстінде көрдік. Таңғы сағат 6:00-дан бері жүр екен. Айтуынша, ГАН дезинфекциялық құралы езілген 460 литрлік бөшке бір күнде бітеді. Бензин мен дәрі аудандық төтенше жағдай қорынан беріліп жатыр. Бұқырлау тиянақты жасалып, бір орындар екі күн сайын дәріленуде.

- Мұның бәрі – сақтық шаралары. Елді дерттен сақтаймыз деп дәрігерлер, санитарлық дәрігерлер, полицейлер жұмыста жүр. Біздің қолымыздан келетін көмек – үйден шықпау ғой. Үйден шықпайық! – дейді Самат Гусманов.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале