29.06.2018, 15:26
Оқылды: 86

Жымпитыда домбыра күніне арналған шара өтті

Бүгін Сырым ауданының орталығы Жымпитыда Ұлттық домбыра күніне орай «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» атты шара өтті.

Аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы ұлттық аспапты дәріптеу шарасын ақын Қадыр Мырза Әлидің ескерткіші тұрған алаңда ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақ әдебиетінде домбыраға Қадыр ақындай дәл, Қадыр ақындай тура, әрі Қадырдай табиғи теңеу айтқан адам жоқ. Оның «Нағыз – қазақ домбыра!» атты сөзі бүгінгі күні халықтық сөзге айналды.

Жымпитыдағы Ұлттық домбыра мерекесінде аудандық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының жас әншісі Әбілмансұр Қанат, аудандық саз мектебінің жас домбырашылары Бернар Жолдығали, Дінмұхамед Құмарғали және жас ақындар Әлижан Кеңес пен Дильназ Сүлейменова өнер көрсетті. Домбыраның құрылысы, оның атаулары туралы қосымша білім беру педагогы, суретші Мұса Сұлтанғалиев өзінің көрмесінде баяндады. Мұса Сұлтанғалиев домбырамен Қадыр ақынның сөзіне жазылған «Тамаша» әнін орындады.

Шара көрермендің флеш- мобымен аяқталды.

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале