7.02.2019, 17:30
Оқылды: 41

Жымпитыда Қазақ радиосы сөйлеп тұр

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда көшедегі бағандар басындағы радио құрылғысы көп жылдан бері істен шыққан еді. Енді қайта қосылды. Жағымды жаңалыққа ел риза.

 syrym (1)

 – Аудан тұрғындарының Қазақ радиосы арқылы еліміздегі жаңалықтарымен дер кезіне хабардар болып, ән-күйін тыңдауы үшін көшелердегі бағандарға, мекемелер маңына радио құрылғылар орнатуды жоспарлаған болатынбыз. Сәті де келді. Бүгінде аудан орталығындағы Қ.Мырзалиев атындағы, Ж.Досмұхамедов атындағы мектептер мен «Қайсар» спорт клубына радио құрылғы орнатылып, әуе толқынында - Қазақ радиосы тұрақты түрде жіберілуде.

Бұл бастама жалғасып, Қазақ радиосы барлық ауылдық округтердің орталықтарында, халық көп жиналатын орында, саябақтарда таратылатын болады.

-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында қолға алынған бастаманың басты мақсаты да қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу, насихаттау болатын,-дейді аудан әкімі Төлеген Төреғалиев.

syrym (3)

Мүсірбек Айташев,

Сырым ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале