2.03.2017, 14:59
Оқылды: 42

Жымпитыда мәдениет саласының ардагерлері марапатталды

Алғыс айту күніне орай Сырым аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Шараға аудан әкімі Абат Шыныбеков қатысты.


Аудан басшысы өз сөзінде Сырым Датұлының 275 жылдығына орай өткізілетін мәдени шаралардың ауқымдылығына баса назар аударды.

–  Баба тойы екі кезеңмен ұйымдастырылғалы отыр. Бірінші кезеңі маусым айында Сырымның туған жері Жетікөл ауылында дала қызықтары, театрландырылған көрініс, мерекелік концертпен өтеді.  Екінші кезеңі қазан айында аудан орталығында ұйымдастырылады. Сонымен қатар  «Тар кезең» романын Бұлан халық театры сахналамақ. Сырым Датұлы атындағы мұражай дербес ғимаратқа көшіріліп, орталық стадион жөндеуден өткізіледі.

Күнбатыс Алашорда Үкіметінің 100 жылдығына орай  Алаш мұражайы қайта жөндеуден өтіп, жәдігерлері толықтырылады. Ж.Досмұхамедовтың 130 жылдығы аясында  алаштың ақтаңгері атындағы мұражай ашылып,  мектеп дәлізіндегі кеудетұғыры тысқа шығарылып, ауласы абаттандырылады. Алашорда Үкіметінің 100 жылдығына байланысты ауданның алашордашыларының жинағын шығару да жоспарланып отыр. Аудандық орталықтандырылған кітапханаға жерлес жазушы Мұқадес Есламғалиевтің есімі беріледі, - деді Абат Абайұлы.

Шара барысында мәдениет саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосқан сала ардагерлері марапаталды. Аудан әкімінің алғыс хатын алғандар қатарында Аманбек Өтешов, Жәмила Ғатауова, Лұқпан Жұмағалиев, «Ақ ниет» әжелер ансамблі бар.

Салтанатты шара «Ертеңіме сенемін» атты мерекелік концертке ұласты.

 

 

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале