25.04.2017, 10:45
Оқылды: 64

Жымпитыда мүгедектер қоғамдық бірлестігі жұмысын бастады

«Нұрлы болашақ» бірлестігінің өкілдері «Жолаушы» мейрамханасында ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін дастархан жайды. Игі іс «Мейірімді көктем» айлығы  аясында қолға алынды.


Шара барысында қоғамдық бірлестік төрайымы Нұрсұлу Жүсіпова құттықтау сөз сөйлеп, қоғамдық бірлестіктің мақсатын айтып өтті.

- Қоғамда өмір сүріп жатқан мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету – басты мақсатымыз. Бірлестікті аудандағы 10 мүмкіндігі шектеулі азамат бірлесіп құрдық, - деді ол.

Аудандық демалыс орталығы жанынан құрылған «Жастар театры» және Балалар мен жасөспірімдер орталығының өнерпаздары түрлі ертегі кейіпкерлеріне еніп, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында қатысушыларға 5000 теңгелік сертификаттар табысталды.

 Үміт Жәңгірова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале