10.07.2019, 16:59
Оқылды: 567

Жымпитыда үш қабатты үйдің құрылысы басталды

Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында үш қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Құрылыстың басында Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің өзі болды.

ui (7)

Құрылыс Сырым аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысымен 25 маусымда басталған. Жобаның құны 455,349 млн. теңгеге бағаланған. Аталған жобаны жүзеге асырған жағдайда, тұрғын үй кезегінде тұрған 36 азаматты тұрғын үймен қамту мүмкіндігі туады. Үш қабатты үйден 18 көп балалы жанұяға және кезекте тұрғандарға баспана берілмек.

ui (3)

Айта кетерлік бір жайт, бұл құрылыс аудандағы тұңғыш үш қабатты тұрғын үй ретінде ерекшеленбек.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале