1.02.2017, 12:59
Оқылды: 47

Жымпитыда хоккей алаңы ашылды

Sirim myz aidini  Ауданның қаржысына салынған жаңа мұз алаңының құрылысын "Бекешов" жеке кәсіпкерлігі жүргізді. Алаңның көлемі 1300 шаршы метр. Қабырғасы ағашпен қапталған. Жарықтандырылған.


  Бұл алаң ең әуелі аудан тұрғындарының игілігіне салынып отыр. Мұз алаңы жымпитылықтар мен Жымпиты ауылының меймандарының игілігіне жарауға әбден дайын. Айдынға келген халық үшін «Қайсар» спорт клубының әдіскерлері жақсы нұсқаушы бола алады.

  Жаңа алаңның ашылуы құрметіне хоккейден жолдастық кездесу өтті.

  Биыл Жымпиты ауылында ауыл балалары үшін 7 мұз айдыны жасалып, пайдалануға берілді. Бұл шағын айдындар ауылдың әр тарабында орналасқан.

Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале