22.07.2019, 10:35
Оқылды: 202

Жымпитыда жаңа дүкен ашылды

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда Қарасу мөлтек ауданында су жаңа дүкен ашылды. Ашылу салтанатында Жымпиты ауылдық округінің әкімі Арман Баяндықов жылы лебізін білдіріп, оң бастамаға сәттілік тіледі.

дүкен1

Дәстүрлі лента кесу рәсімін дүкен иелері Аманғалиевтер әулетінің үлкендері, кішкентай немерелерімен ырымдап бірге жасады.

Ресми түрде ашылған дүкеннің айналасы жақсылыққа ортақтасып келген жүзі жылы жандармен толып, ақ дастархан жайылып, құран оқылды.

дүкен2

Еңбек қауіпсіздік қызметкері болғанына қарамастан, өз қаражатына салған дүкеннің иесі Қайрат Аманғалиевтің айтуынша, дүкенде тек азық-түлік қана сатылып қоймай, тұрмысқа қажетті дүниелер де сатылады.

дүкен4

Сонымен қатар алдағы уақытта жұмыссыз жандарды жұмыспен қамту да ойында бар екенін айтып өтті.

Дүкеннен алғашқы сауда жасаған тұтынушыларға сыйлық берілді.

дүкен3

дүкен5

         Айжан АМАНГЕЛДИНА
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале