17.03.2017, 17:24
Оқылды: 29

Жымпитыда жанармай құю бекеті ашылды

 

Самара-Шымкент халықаралық маңызы бар тас жолының бойында бекеттің салтанатты ашылу рәсіміне Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов, жанармай құю бекетінің қауіпсіздік қызметінің басшысы Дүкенбай Кульжанов, бас менеджер Азамат Казимов қатысты.


Аудан әкімінің орынбасары А.Сарқұловтың сөзінше, «Нефтэк» жанармай құю бекеті облыс бойынша үшінші болып Сырым ауданында ашылып отыр.

Бас менеджер А.Казимов бекетке алғашқы болып келушілер қатарындағы кішкентай бүлдіршіннің қалтасын тәттіге толтырды.

 

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале