20.04.2019, 12:06
Оқылды: 22

Жымпитыдағы жәрмеңке сауда мерекесіне айналды

Бүгін ерте тұрып, Жымпитының сенбілік жәрмеңкесіне барып қайттық. Әдеттегідей, таңғы сағат сегіз болмай сауда қызып жатты. 

IMG-20190420-WA0018

Байқағанымыз, аудан орталығында сүт өнімдеріне сұраныс жақсы екен. Мәселен, Жетікөл ауылдық округінен келген 5 келі сүзбе мен 5 келі сүтті сатушылар сөреге шығарып үлгермеді. 2000 теңгенің қаймағы мен 3000 теңгенің майын да жымпитылықтар ойланбастан сатып алды. Жәрмеңкеге келгендерге картоптың келісін 50, ал сиыр етінің келісін 1400 теңгеден сатып алуға мүмкіндік болды.

IMG-20190420-WA0017
Жәрмеңке жаймасын жағалап келе жатқан біздің назарымызды Қосарал ауылының тұрғыны Гүлболсын Қожантаеваның тоқыма өнімдері ерекше аударды. Гүлболсын ханымның қолынан шыққан тоқылған кеудеше, жемпір, балалар киімдері дүкендердегі Қытайдың өнімдерінен әлдеқайда сапалы әрі арзан екен. Тұрғындар алдағы уақытта осындай шебер, еңбекқор жерлесіміздің еңбегіне қолдау көрсетіп, саттыққа шығарған төл тауарларын мүмкіндігінше сатып алса дейміз.
Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Айна Ганиеваның айтуынша, халық сенбілік жәрмеңкені үлкен сауда мерекесіне айналдырыпты. Бүгін сауда жасаушы тұрғындардың арасынан аудан әкімі Төлеген Төреғалиевті көріп қалдық.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

IMG-20190420-WA0009

 

IMG-20190420-WA0008

IMG-20190420-WA0016

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале