15.06.2017, 17:19
Оқылды: 17

Жымпитыға сапарлады

akjaik balalarАқжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіндегі Талап орта мектебінің бір топ оқушысы жетекшілері Айша Орынбасарқызы мен Дамира Бейбітқызының бастауымен көршілес Жымпиты ауданына сапарлады.

 Жазғы каникулға жоспарланған бұл сапар барысында ұл-қыздар шежіресі бай ауданның тұрғындары мақтан тұтатын тарихи-өлкетану мұражайымен, әйгілі Сырым Датұлының, әлемге аты мәлім шайыр Қадыр Мырза Әлінің мұражайымен танысты.

Сондай-ақ олар Алаш арыстары құрметіне арналған саябақтарды аралап, Алаш қозғалысын ғасырлық датасына арналып өткізіліп жатқан шаралар туралы кеңінен білді.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале