11.12.2018, 11:13
Оқылды: 58

Жымпитылық жастар ат ерттеу шеберлік сағатына қатысты

Жымпитыда «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы және аудандық мәслихаттың депутаты Серік Тоқмамбетовтың ұйымдастыруымен жастар арасында атты ерттеу және атқа міну мәдениеті бойынша шеберлік сағаты өтті. Сағатты дәстүрлі әнші, «Жігіт сұлтаны» байқауының бірнеше мәрте жеңімпазы, шабандоз Сәлімжан Әубәкіров жүргізді.

 сырым ат (3)

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениетін жаңғырту мәселесі айтылғаны белгілі..

         Шеберлік сағаты барысында Сырым колледжінің студенттері және Ж.Досмұхамедов пен Қ. Мырзалиев атындағы мектептердің жоғарғы сынып оқушылары әуелі ат әбзелдерін атаудан, кейін атты ерттеу мен туарудан дәріс алып, өздері тәжірибе жүзінде жасап көрді. Атқа мінудің ыңғайы, оның күтімі мен бабы туралы аудандық мәслихаттың депутаты Серік Тоқмамбетов айтты.

         -Жиналыс жасап, баяндама оқумен жастарға рухани тәрбие бере алмаймыз. Оларға өзіміз нақты іспен үлгі көрсетуіміз керек. Шеберлік сағаты жастарға пайдалы болды деп есептеймін. Дәстүрлі шаруашылықты жаңғыруды ұдайы жүзеге асыруға ниеттіміз ,- дейді шара туралы «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев.

сырым ат (4) сырым ат (5)

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале