25.04.2017, 11:27
Оқылды: 58

«Жырласа, жастар жырласын!»

Bokei 100 jildik  Осындай тақырыппен Бөкей Ордасы ауданында Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған атты жас ақындар мен көркемсөз шеберлерінің мүшәйрасы өтті. Шараны аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Нарын жастары» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.


  Жас ақындар Алаш қайраткерлеріне арнап шығарған өлеңдерін оқу болса, көркемсөз шеберлері Алаш қайраткерлерінің 2 өлеңін жатқа айтты. Осы екі бағыт бойынша өткен сайысқа аудан орталығындағы М-С.Бабажанов, М.Мәметова атындағы орта мектептерінің оқушылары мен Бөкей ордасы колледжі студенттері қатысты.

   Нәтижесінде жас ақындар жанрында І орынды М.Мұқаев (Бөкей ордасы колледжі) жеңіп алса, ІІ, ІІІ орындар сәйкесінше А.Өтегенова мен Л.Жігероваға (екеуіде М-С.Бабажанов атындағы орта мектеп) бұйырды. Көркемсөз шеберлері номинациясында алғашқы  орынды А.Мақашева (Бөкей ордасы колледжі) иеленсе, ІІ, ІІІ орындарға А.Егінғалиева (М.Мәметова атындағы орта мектеп)  мен Ж.Байболатова табан тіреді.

Медет ДӘУЛЕНОВ

Сайқын ауылы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале