27.02.2018, 17:28
Оқылды: 52

«Жырым қалсын, жанымның ұшқынындай»

 

Тасқалада осындай атаумен артына өшпес із, жауһар жыр қалдырған Шәки Қайырғалиұлының шығармашылығына арналған аудандық байқау өтті. Оны аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырды.

Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Ғазез, ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, мәдениет,  тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры А.Нұрмақов және ақынның жанұясы қатысты.

Алдымен, марқұмның өмір жолынан сыр шертетін бейнеролик көрсетілді. Мұнан соң сайысқа қатысушылар үш кезең бойынша өнерлерін ортаға салды. Бірінші кезеңде Шәки Қайырғалиұлының бір өлеңін оқыса, келесі кезеңде ақынның өлең жолдарын жатқа айтты. Үшінші кезеңде өздерінің ақынға арнап шығарған жырларын оқыды.

Нәтижесінде әділ қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Ақманар Лазар (Оян ауылы) алса, бірінші орынды ақтаулық Аружан Джалбекова иеленді. Екінші орынды  Мерей ауылынан келген Зәуре Құлмалиева еншілесе, үшінші орын Алтынгүл Төреғалиеваға бұйырды.

Қалған қатысушылар да «Көрермен көзайымы», «Жас қалам», «Дарынды оқырман» аталымдары бойынша марапатталып, оларға да алғыс хат пен сыйлықтар берілді.

Е.ЕЛЕКЕНОВ,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале