16.06.2015, 10:22
Просмотры: 42

Бауыржан Момышұлы атындағы медальді табыс етті

KAztalov B momishyli siligi   Қазталов ауданы әкімінің орынбасары Сағынғали Бегжанов Мерғараф Әкімалиевтың отбасында болды.

Мерғараф Жәнібекұлы Семей полигонында әскери міндетін атқарып, Жалпақтал ауылының әлеумсттік саласында, ауданымыздың қоғамдық өміріне белсене араласты. Ұзақ жыл қызметтер атқарып, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған бақытты ата. Аудан әкімінің орынбасары Сағынғали Ғабидоллаұлы Семей полигонында азаматтық борышын атқарған Мерғараф Жәнібекұлына «Бауыржан Момышұлы» атындағы медальді табыс етті. Өз кезегінде сөз алған Мерғараф ағамыз еліміз тыныш, ядролық сынақ нүктелері еш уақытта болмасын деген игі тілегін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале