12.04.2016, 11:25
Просмотры: 29

Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде

Screenshot_2016-04-12-11-25-29-1Бүгін "Қазақтелеком" АҚ филиалы БҚО облыстық телекоммуникация дирекциясында "Мемлекеттік тіл жағдайы: қазіргі жай-күйі мен сала бойынша даму үдерістері" атты облыстық семинар басталды.


"Қазақтелеком" АҚ филиалы БҚО ТД директоры Болатбек Қанафин кіріспе сөз сөйлеп, осы шараның маңызын атап өтті.

Screenshot_2016-04-12-11-25-23-1Кейін ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бастығы Мəншүк Тастілеуова баяндама жасады. Оның айтуынша,мекемеде мемлекеттік тілді енгізу жəне дамытудың үш жылдық кезеңге арналған бағдарламасы жүзеге асуда. Іс қағаздар мемлекеттік жəне орыс тілінде жүргізіледі. Компания қызметкерлері үшін өндірістен қол үзбестен мемлекеттік тілді оқыту жүйесі жұмыс істейді. "Кəсіби қазақ тілі", "Қазақша сұхбат", "Мемлекеттік тілде іс жүргізу" электронды оқу курстары жүреді. "Қазтест" мемлекеттік бағдарлама негізделіп, "Тыңдалым", "Оқылым", "Лексика-грамматика" бойынша "Қазтест" базасы жасақталды. Жыл сайын тестілеуден 500-ден астам қызметкер өтеді. Өткен жылы тіл деңгейлері бойынша 148 тыңдаушы, оның ішінде 59-ы вебинар, 309-ы қашықтан оқыту курстарына қатысқан. Басқосуда БҚО мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру ҚДО мемлекеттік тілді оқыту əдістемелік бөлімінің басшысы Болат Жексенғалиев сала мамандарының тілдік нормаларды бұлжытпай сақтауы жəне тілдік мəдениетін арттыру жөніндегі мəселелерге кеңінен тоқталды.

www.zhaikpress.kz

Нұртай Текебаев

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале