16.06.2015, 10:16
Просмотры: 31

Қаламыздағы мәдениет және демалыс саябағында қан орталығының ұйымдастыруымен мәдени шара өтті

 

SAMSUNG CAMERA PICTURES

14- маусым дүниежүзілік донор күніне орай қаламыздағы  мәдениет және демалыс саябағында  қан орталығының ұйымдастыруымен мәдени шара өтті. БҚО қан орталығының директоры Ғизатолла Лямов шараны ашып, донорларды мерекемен құттықтады. 

Облыс бойынша айтулы мереке бұдан бұрын Бөрлі және Жаңақала аудандарында, қаламыздағы М.Мәметова атындағы алаңда өтіп, 359 адам қан тапсырды. Ал саябаққа демалуға келген 50 адам қан тапсырып, сол жерде өздерінің қан тобы мен резус- факторын анықтатты. «Бұл сенің күнің, Донор! Біз сіздерді мадақтаймыз, мақтаныш етеміз!» деген мерекелік шараны жүргізуші облыс бойынша ең үздік донорларды сахнаға шақырды. Олардың ішінде өз өмірінде 233 рет қан тапсырған Юрий Чакалиди бар. Ол  «Ең үздік донор» атанып, жүлдегер болды. 101 рет қан тапсырған Болат Даулетқалиев «Ең көп плазма тапсырған донор», Александр Подлипанин 136 рет плазма және қан тапсырғаны үшін «Ең көп донация» аталымдары бойынша марапатқа ие болды.

Ал отбасымен қайырымдылыққа бет бұрған Анатолий Сводин мен оның ұлы Роман «Донор династиясы» аталымына ие болды. Әкесі 62 рет, ал ұлы 11 рет қан тапсырған. Олар «Зенит» зауытында жұмыс істейді. «Ең белсенді донор» аталымына 83 рет плазма тапсырған Ержан Сәрсенғалиев ие болды. 4 аталым бойынша жүйрік шыққан донорларға алғысхат пен сыйлықтар тапсырылды.

www.zhaikpress.kz

Ұ.Сариева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале