27.06.2017, 16:30
Просмотры: 38

Ақжайықтағы ілкімді істер

IMG_1553Ақжайық ауданы әкімі Әділ Жоламанов «Ашық әкімдік» шарасына байланысты  Сарытоғай,  Базаршолан, Құрайлысай, Көнеккеткен, Бударин, Жамбыл  ауылдық округтерінде болды. Аудан басшысы және бірқатар бөлім жетекшілері тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.


«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Базаршолан ауылын орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтуға республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Округтің Есім және Баянтөбе елді мекендері де таза ауыз су жүйесімен қамтылатын болады. Сапар барысында аудан әкімі осыған байланысты қам-қарекеттермен танысты. Іске жергілікті 7 тұрғын тартылған. Округ орталығындағы «СК-МЕХ-сервис Экспо» ЖШС арқылы жүргізіліп жатқан бір пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысы басында да істі сапалы жүргізу жайында әңгіме болды.

Жұбан ауылында да осындай тұрғын үй салынуда. Сондай-ақ аудан басшысы осы ауылдағы дәрігерлік амбулатория, таза ауыз су мұнарасы басында болды. Келер жылы Сайқұдық ауылына жоспарланған ауыз су құбырын тарту мәселесі сөз болды. Көнеккеткен ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория, өткен жылы қолданысқа берілген ветеринариялық қосын ғимаратында қызметкерлерімен кездесу өтті.

Бударинде, Орал-Атырау тас жолы бойында тауарлы сүт фермасының құрылысы белсенді жүргізілуде. Сонымен қатар күрежолдың бойындағы жолсервистік кешен мен Будариндегі коммуналдық тұрғын үй құрылысы қарқынды. Былтырғы жылы ғимараты күрделі жөндеуден өткен дәрігерлік амбулатория ұжымымен, «Әмбебап» сауда орны, Бударин орта мектебі, Мәдениет үйінде «Әжелер» ансамблі мүшелерімен жүздесу өтті.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале