3.03.2020, 17:07
Просмотры: 148

Теректілік кәсіпкерлер сый жасады

 Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылындағы «Үміт» лингвистикалық гимназиясы үлкен сыйға кенелді.

kasipker (2)

Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастырумен гимназияда ұстаз, ақын Дариға Мұштановамен кездесу өтті. Кездесу барысында Дариға Ғазезқызының «Әз ғұмыр» атты кітабы таныстырылып, теректілік қос кәсіпкер гимназия оқушыларына 50 дана кітапты сыйға тартты.

kasipker (3)
Күйші Құрманғазы бабамыздың ғұмыры суреттелген еңбек жайлы Дариға Мұштанова кеңірек әңгімелеп, сыр тарқатты. Гимназия оқушылары Құрманғазының «Адайы» мен «Балбырауынын» күмбірлетіп, қошеметке кенелді. Шара барысында кітап авторы күй құдіретіне ерекше тоқталып, ұстаз ретінде ұл балалар тәрбиесінің олқы тұстарын да жіпке тізді.

kasipker (4)
Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жаннұр Ахметов сөз сөйлеп, кәсіпкерлерге аудан басшысының алғысын жеткізді. Атап айтсақ, сауатты да сауапты іс жасаған қос кәсіпкер Исатай Ерниязов пен Нариман Ғалымжанұлына аудан әкімі Әділ Жоламановтың алғысхаты табысталды. Дариға Мұштанова кәсіпкерлерге өз қолтаңбасы қойылған «Аңыз болған абысындар» атты кітабын сыйға берді.
Шара соңында ең қымбат сыйлық кітап екендігін жете түсінетін гимназия ұжымы Дариға Ғазезқызына шығармашылық табыс, ал жомарт жандарға шексіз ризашылықтарын жеткізді.

                                                                            Әділет ОРЫНБАСАР

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagram и нашем Telegram-канале

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале