11.09.2025, 21:00
Оқылды: 382

«Инвестиция тарту – ең өзекті мәселе» – Әлібек Жупулов

Мен бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдадым.

image-11-09-25-06-39

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында цифрландыру мен жасанды интеллект мәселесі ең көп қамтылған тақырыптың бірі болды.

Жалпы цифрландыру саласында Қазақстанның кейбір елдермен салыстырғанда оқ бойы озық екені де анық. Бұл өз кезегінде мемлекеттің технологиялық тұрғыда тез дамуына оң әсер етеді.

Қазақстан жаңа технологияларды дамыту мен енгізуде кешенді әрі жүйелі шешімдер қабылдаған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болып отыр. Бұл ретте Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет атануды көздейді. Осылайша, биылғы Жолдауда цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу біздің ел үшін жаңа ұлттық идея ретінде айқындалды.

Мемлекет басшысы Жолдауда Қазақстанның үш жыл ішінде цифрлық ел болуы керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар Жолдауда «Әкімдер 6 млн гектар жерді ғана жер игерушілерге бөліп берген. Әр гектар өз иесін табуы керек. Осы арқылы біз саланы қайнаған еңбектің ортасына айналдыра аламыз» - деп, Мемлекет басшысы облыс әкімдеріне қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін игеруді тапсырды. Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілуі тиіс. Ауданымыз бойынша бүгінгі күнге 9218,6 га жер қайтарылды. Оның ішінде жайылым жер 226,1,егістік жер 8970,2 гектарды құрап отыр.Болашақта жер қадірін білетін адамдар арнайы конкурс арқылы алып,жерді пайдаланады деген ойдамын.

Тағы бір маңызды бағыт Жолдауда елімізге инвестиция тартуды күшейту қажет екенін айтып, арнайы бағдарлама әзірлеуді жүктеді.

Инвестиция тарту – қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі.

Жолдау еліміздің экономикалық және әлеуметтік саясатындағы маңызды мақсат-міндеттерді айқындады.

Бұл ел дамуына жасалған басты басымдылықтар мен тапсырмалар деп түсінемін.

Әлібек Жупулов
Шыңғырлау аудандық жер қатынастары

бөлімінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале