2025 жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдап, ел дамуының негізгі бағыттарын жария етті. Бұл Жолдау – елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыруының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат болып отыр.

Президент экономиканы әртараптандыру, өнеркәсіптік саясатты күшейту және ауыл шаруашылығын қолдау мәселелеріне ерекше тоқталды. Аграрлық секторда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – стратегиялық міндет.
Басым бағыт ретінде цифрлық технологияларды қолдану, отандық IT саланы дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңейту тапсырылды. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың бір жолы.
Ауыл шаруашылығына қолдаудың жалғасуы – ауылдағы еңбек адамдары үшін үлкен көмек. Сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа инвестиция тарту, сапалы жұмыс орындарын ашу, цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдану қажеттігі нақты көрсетілді.
Бұл Жолдауда елдің дамуына серпін беретін тарихи маңызды басым бағыттар айқындалды.Ендігі міндет – оны жүзеге асырып, әр азаматтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жұмыстар жалғасады деп ойлаймын.
Алмагүл Кужиева
Шыңғырлау аудандық қаржы және әкономика бөлімінің бас маманы