7.11.2025, 19:00
Оқылды: 82

Облыс әкімі чемпион қыздармен кездесті

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бахрейннің Манама қаласында өткен ІІІ жасөспірімдер Азия ойындарының жеңімпаздары дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен велосипедші Ирина Ивановскаяны қабылдады.

a4b7bc49-ccae-4d43-8730-938952f68c75
Айта кетейік, дзюдо спортынан Фатима Сұпығалиева аталмыш құрлықтық додада қарсыластарына дес бермей, Азиада чемпионы атанған болатын. Сондай-ақ велосипед спортында сынға түскен Ирина Ивановская аралас командалық эстафетада топ жарды.

44ca651d-de48-4dc1-9910-726227040438
Кездесу барысында өңір басшысы жас спортшылардың ел мерейін асқақтатқан жеңістерін ерекше атап өтті. Өңір басшысы ел мерейін үстем еткен қос спортшының табандылығы мен еңбегін мақтан тұтатынын жеткізді.
– Сіздердің жеңістеріңіз артыңыздан өсіп келе жатқан іні-сіңлілеріңізге үлгі. Спорттағы табыстарыңыз арқылы еліміздің атын әлемге танытып жүрсіздер. Алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріңізге тілектеспін, - деді облыс әкімі.

434538bc-f7bd-43bb-a36c-b6d171f1a3c1
Ивановская Ирина Валерьевна 2009 жылы Бәйтерек ауданы, Зеленое ауылында дүниеге келген. Велосипед спортымен айналысқанына 4 жыл. Оған дейін 5 жыл хоккеймен айналысқан. Казіргі таңда Қ. Мұнайтпасұлы атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі 3 курс оқушысы.

bda49399-2918-4706-bfd9-506867fb583b
Супығалиева Фатима Алтынбекқызы 2009 жылы Теректі ауданы, Подстепное ауылында дүниеге келген. Дзюдодан Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер. Дзюдодан Қазақстан Республикасының екі дүркін жеңімпазы, бірнеше дүркін республикалық және халықаралық турнирлердің жеңімпазы, Еуропа кубогының жеңімпазы және жүлдегері, Азия кубогының жеңімпазы, Әлем чемпионатында үздік 5-ке енді және ІІІ Азия ойындарының жеңімпазы.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале