30.01.2017, 11:09
Оқылды: 732

Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай студенттер мен магистранттарға арналған байқау  

100_zhyl_oral_oniri_men_priurale-22017 жылы Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің шыға бастағанына 100 жыл толмақ. Бұл басылымдар бастауын 1917 жылы 28 шілдеде бұрынғы Бөкейліктегі Хан Ордасы қаласында шыққан «Ұран» газетінен алады. Кейіннен «Хабар-Известия», «Қазақ дұрыстығы-Киргизская правда», «Дұрыстық жолы», «Қызыл ту» т.б. болып атауы сан өзгерген бұл газеттерде Ғұмар Қараш, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Ахмет Мәметов, Халел Есенбаев, Нұғман Манаев т.б. сынды Алаш арыстары – қазақ баспасөзін қалыптастырушы қайраткерлер қызмет еткен.


Батыс Қазақстан облыстық басылымдарының шыға бастағанына 100 жыл толуына орай «Жайық Пресс» ЖШС ұйымдастырып отырған бұл байқаудың басты мақсаты – журналистика, филология және тарих факультеттері студенттері мен магистранттары арасында қазақ баспасөзінің даму тарихы тақырыбын насихаттау, осы мәселеге жас ғалымдардың көңілін аударып, қызығушылығын арттыру, ЖОО басшыларының, тиісті кеңестердің назарын қазақ баспасөзі тарихына бағыттау, сол арқылы қазақ баспасөзі тарихын, оның ішінде Қазақстанның батыс өңірінде шыққан басылымдардың даму жолын, баспасөз бастауында тұрған тұлғалардың өмір жолы мен қызметін студенттердің курстық, дипломдық және магистрлік зерттеу жұмыстары тақырыбына айналдыруға ықпал ету.

 Жүлделер:

  1. Ең үздік курс жұмысы – 50 мың теңге;
  2. Ең үздік диплом жұмысы – 100 мың теңге;
  3. Ең үздік магистрлік жұмыс – 150 мың теңге.

Байқау қорытындысы 2017 жылдың 28 шілдесі қарсаңында қорытындыланады. Байқауға ЖОО студенттері мен магистранттары қатыса алады. Байқауға арналған жұмыстар [email protected] электронды поштасына 2017 жылдың 30 маусымына дейін қабылданады. Байқауға жіберілетін жұмыстарға қойылатын талап – ЖОО-дағы курстық, дипломдық және магистрлік зерттеу жұмыстарымен бірдей. Қазылар алқасы жүлдегерлерді анықтаған кезде соны тақырып, тың зерттеулерге басымдық береді.

Анықтама: «Жайық Пресс» ЖШС БҚО-дағы облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье», он екі аудандық газеттерін біріктірген, өңірдің жаңалық-өзгерістерін республикаға ақпарат, бейнехабар түрінде жедел тарататын ақпарат орталығы бар, www.zhaikpress.kz электрондық адресі бойынша дербес сайты тұрақты жұмыс істейтін медиахолдинг.

Байқау туралы толығырақ ақпарат алу үшін 8(711-2) 50-30-14, 8(711-2)51-24-48, 87028860187 телефондарына хабарласуға болады.

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. «Жайық Пресс» медиахолдингі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале