30.01.2017, 10:48
Оқылды: 220

Белгілі ақын Қайрат Жұмағалиевтің шығармашылығына арналған республикалық «Нарын құмын аңсаған Қайрат ақын» атты ақындар мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

 

Kairat akinҚазақтың көрнекті ақыны әрі белгілі аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайрат Жұмағалиев туған жеріне, еліне қадірлі. Автордың 30-дан аса жыр жинағы бар. Ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау бағытында облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдығына орай «Нарын құмын аңсаған Қайрат ақын» атты республикалық ақындар мүшәйрасы жарияланады.


 

Мүшәйраны «Жайық Пресс» ЖШС мен БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бірлесе ұйымдастырады.

Мүшәйраның мақсаты

Белгілі ақын Қайрат Жұмағалиевтың есімін қалың көпшілікке, жас ұрпаққа ұғындыру, насихаттау, талантты жастардың шығармашылық ізденісін арттыру, ақындардың шеберлігін шыңдап, қаламын ұштай түсу.

Мүшәйраға ұсынылатын шығармалардың

негізгі тақырыбы

  1. «Қазақтың Қайраты» - ақынға арнау;
  2. Нарыннан Ақ Жайыққа дейін;
  3. Еркін тақырып.

Мүшәйраның талаптары мен шарттары

  • Мүшәйраға жас ерекшелігіне қарамастан, еліміздің кез келген азаматы қатыса алады;
  • Мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған үш (3) өлеңін ұсынады;
  • Авторлар өлеңдерінің электронды және қағаз түріндегі нұсқасын және толық аты-жөндерін, өздері жөніндегі мәліметтерді қоса жазып, 2017 жылдың 1 маусымына дейін жіберуге міндетті.

Үміткерлер өлеңдерінің бағалануы

  • Ақынның сөз тапқырлығы, өлең мағынасының тереңдігі, шумақ ұйқасының күрделілігі;
  • Тақырыптың ашылуы;
  • Ой мен қиялдың ұшқырлығы, идеялық мазмұны.

Мүшәйра жеңімпаздарын марапаттау

Қазылар алқасының шешімі мен мүшәйра жеңімпаздары анықталып, ұйымдастыру алқасы дайындаған дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады:

Бас жүлде – 100 мың теңге (біреу)

І, ІІ, ІІІ жүлде және ынталандыру сыйлықтары.

Мүшәйраға байланысты анықтамаларды мына мекенжайдан білуге болады:

  1. Өлеңдер осы мекенге жіберілсін: 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1, 2-қабат.«Жайық Пресс» ЖШС
  2. Байланыс тел.: 51-25-80, 50-30-14
  3. e-mail:[email protected]

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале