Бейбіт Исабаев Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымына сайланды
20 Қаңтар 2022

Бейбіт Исабаев Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымына сайланды

Мұрат Бақтиярұлы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды
20 Қаңтар 2022

Мұрат Бақтиярұлы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды

ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы ақпан айында Нұр-Сұлтанда өтеді
20 Қаңтар 2022

ЕАЭО Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы ақпан айында Нұр-Сұлтанда өтеді

Қанат Таймерденов: Содырлар бізге қаруды тастап, беріліңдер деді
20 Қаңтар 2022

Қанат Таймерденов: Содырлар бізге қаруды тастап, беріліңдер деді

Қазақстандағы коронавирус: Барлық өңір түгелге жуық - «қызыл» аймақта
20 Қаңтар 2022

Қазақстандағы коронавирус: Барлық өңір түгелге жуық - «қызыл» аймақта

24 қаңтардан мектептер мен ЖОО-лар офлайн оқуға көшеді - Білім министрлігі
20 Қаңтар 2022

24 қаңтардан мектептер мен ЖОО-лар офлайн оқуға көшеді - Білім министрлігі

7.09.2016, 13:02
Оқылды: 23
Данияр Елеусінов сал ауруына ұшыраған балалардың қорына 10 млн.теңге табыстады

аким даниярБҚО әкімі Алтай Көлгінов Рио Олимпиадасының чемпионы, даңқты жерлесіміз Данияр Елеусіновпен және оның әкесі әрі бапкері Марат Елеусіновпен кездесті.


Жиынды ашқан өңір басшысы мәртебелі меймандарға «елге, туған жерге қош келдіңіздер» деп айтып, биылғы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына спортшыларымыз үлкен сый жасағанын жеткізді. Рио Олимпиадасында еліміздің көк Туы 17 рет көтеріліп, 3 мәрте Әнұранымыз шырқалды. Мұның бәрі - Елбасының спортқа жете мән беруінің, спортшыларды жан-жақты қолдауының нәтижесі.

аким данияр (1)-Данияр, сенің олимпиададағы финалдық жекпе-жегіңді Оралдағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығындағы амфитеатрда шамамен 3 мыңнан аса батысқазақстандық тамашалады. Айқас біткен соң, төреші сенің қолыңды көтергенде, жерлестеріңнің төбесі көкке жеткендей қуанды. Бірін-бірі құттықтап жатты. Міне, ерге деген елдің махаббаты осындай болса керек!

Данияр, сен тәуелсіздіктің құрдасысың. Сен де биыл 25 жастасың. Осыдан он жыл бұрын сен жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болғанда, Елбасы қабылдап, саған батасын берген болатын. Сол бата қабыл болып, міне, Олипиада чемпионы атандың!

аким данияр (2)Марат аға, Даниярдың осындай үлкен жетістікке жетуіне әке ретінде де, бапкер ретінде де Сіз көп үлес қостыңыз. Сізге де ризашылығымыз зор,-деген Алтай Сейдірұлы батысқазақстандықтардың атынан олимпиада чемпионы мен оның бапкері әрі әкесіне, әрқайсысына 10 млн. теңгенің сертификаттарын берді. Данияр сол бойда өзіне бұйырған сертификатты Орал қаласындағы сал ауруына ұшыраған балалардың «Бәйтерек» қорына табыстады.

Облыс басшысы қаламызда Елбасы тапсырмасымен салынып жатқан Оқушылар мен жастар сарайында Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы ашылатынын да жеткізді.

-Бізді қарсы алып, барынша көтермелеп жатқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Туған жеріміздің осылайша қошеметтеп жатқандығы - біз үшін үлкен мәртебе. Олипиадада жүріп әлеуметтік желі арқылы жерлестерімнің амфитеатрға келіп қолдау көрсеткенін көріп қатты қуандым. Сол үшін де ризашылығымды жеткізгім келеді. Алдағы уақытта да ел абыройын асқақтатуға барымызды салатын боламыз,-деген Данияр Елеусінов боксты жақсы көретін облыс әкіміне былғары қолғапты сыйға тартты.

Сәкен МҰРАТҰЛЫ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале