3.11.2016, 12:47
Оқылды: 8

Жемқорлыққа төзбеушілікке шақырған жиын

%d0%b6%d0%b5%d0%bc%d2%9b%d0%be%d1%80%d0%bb%d1%8b%d2%9b%d2%9b%d0%b0-%d1%82%d3%a9%d0%b7%d0%b1%d0%b5%d1%83%d1%88%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%ba%d0%ba%d0%b5-%d1%88%d0%b0%d2%9b%d1%8b%d1%80%d2%93%d0%b0%d0%bd   Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында облыс кәсіпкерлерінің форумы өтті. Бұл шараны «БҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің қолдауымен «Азаматтық бақылау» жобасы шеңберінде ұйымдастырды.


«БҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығы ЗТБ-нің президенті Әлия Сәлиеваның айтуынша, еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілгендей, қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы этикасы мен  мәдениеті «Мәңгілік ел» идеологиясының контексінде  қалыптастырылуы тиіс. Дәстүрлі рухани құндылықтр мен үздік халықаралық стандарттардың үйлесімді үйлесуі азаматтардың заңды мінез-құлығының канондарын жаңадан жасауға мүмкіндік  береді. Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі болып табылады.

Басқосуда «Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты мен кәсіпкерлердің құқықтарын сыбайлас жемқорлықтан қорғау мәселесі» жайында баяндаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының БҚО бойынша департаментінің басқарма бастығы Данияр Тұрғанбаевтың айтуынша, соңғы жылдары елімізде жемқорлық дертіне қарсы іс-қимылда оң динамика басым.  Бұған халықаралық рейтингтерді көрсеткіштері дәлел бола алады. Еліміздегі бұл бағыттағы оңды істер 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның қабылданып, іске қосылуына орай жүргізіліп отырған саясаттың нәтижесі екені сөзсіз. «Мысалға, мемқызметшінің тәртіп нормасы нақты көрсетілген. Қазіргі заңдылықтарға сәйкес мемқызметшіге сыйлықтар алуға болмайды. Егер де мемқызметші сыйлықты қабылдап қойған болса, оны  жеті күннің ішінде жергілікті атқару органдарына немесе арнайы мемлекеттік қорға қайтаруы тиіс. Олай болмаған жағдайда мемқызметші жауапкершілікке тартылады. Сыйлықтың бағасы екі айлық есептік көрсеткіштен аспаса, онда қызметші тәртіптік немесе әкімшілік жолмен жазаланады. Ал сыйлық бағасы бұдан жоғары болса, пара ретінде қылмыстық іс деп қаралады»,- деді Данияр Тұрғанбаев. Оның айтуынша, жыл басынан бергі уақытта облыста 39 тұлға сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп танылып, 30 тұлға түрлі жазаға тартылған. Биыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша соттардың шешімдерімен 90 млн. теңге шамасында айыппұл салынды.

          Аталмыш департамент жүмысының негізгі басым бағыттарының бірі – кәсіпкерлікті қорғау саласында мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласуынан қорғау. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері 8 факті анықталып, шағын  және орта кәсіпкерліктің жеті өкілінің құқығы қорғалды. Аталған қылмыстар бойынша  төрт лауазымды тұлға  қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

-Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім бастығы М.Отаубаевты өзінің қызмет бабын пайдаланып, жер қойнауын пайдаланушығ қысым көрсету арқылы үшінші біреулерге құм-қиыршықты тас қоспасын тегін әлденеше рет алғаны үшін сот кінәлі деп тапты. Оған 2,1 млн. теңге шамасында айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді және өмір бойы мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Төрт кәсіпкер өздерінің құқықтары бұзылса да, Отаубаевтың қылмысын хабарлауға асықпаған және бұл қылмыстардың іске асуына жағдай жасаған,- деген Данияр Мұқанұлы барлық кәсіпкерлерді жемқорлыққа «нөлдік төзбеушілікке» шақырды.

        Жиында өңірдегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамы жөнінде облыстық кәсіпкерлік және индустрилдық-инновациялық даму басқармасның бөлім басшысы Бақдәулет Ибраимов баяндады. Оның айтуынша, биылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша кәсіпкерлік саласында 46502 субьекті тіркелген және олардың 33896-сы жұмыс істеуде.  Жалпы бұл салады 102 800 адам еңбек етеді. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша биыл 15 млрд. теңгеге несие мөлшерлемесін субсидиялауға 92 жоба мақұлданған. Олардың ішіндегі 7,7 млрд. теңгеге мақұлданған 41 жоба (45 пайызы) ауылдық жерлерден. Аталмыш бағадарламаны іске асыруға 2016 жылға республикалық бюджеттен облысқа 2,2 млрд. теңге бөлінді және индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға қосымша қордан 440,5 млн. теңге бағытталды.  Сондай-ақ биыл 18 млн. теңге шамасындағы гранттық қаржыландыруға 15 бизнес-жоба іріктеліп алынды.

Басқосуда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы басшысысының орынбасары Нұржан  Мақсотов, ҚР Мемлекеттік қызмет  істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Біржан Хайруллин, «Ақ жол» партиясының төрағасы, «ТДК-42» телеарнасының директоры Табылғали Сапаров және өзгелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру,  қоғамдық кеселге қарсы стратегияның іске асырылуы жай-күйін мониторингтеу жайындағы ой-пікірлерімен бөлісті.

Гүлбаршын Дыбысқалиқызы

«Орал өңірі»

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале