30.11.2023, 16:45
Оқылды: 4

33 миллион 810 мың теңге айыппұл салынды

Автомобиль жолдары саласының жүйелі проблемаларының бірі – ауыр салмақты жүк автокөліктердің біліктік (осьтік) жүктемелерінің рұқсат етілген шектерден асып кетуі салдарынан салынған және жөнделген жолдардың мерзімінен бұрын бұзылуы болып отыр.

ЖП ақша

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 342 бұйрығымен бекітілген.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру талаптары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығымен реттелген.

Өз кезегінде «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоғарыда аталған бұйрықтардағы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және бақылау Көліктік бақылау органдарымен жүзеге асырылады.

10 айдың қорытындысы бойынша БҚО-дағы Көліктік бақылау инспекциясы ауыр салмақты және ірі көлемді автокөліктерінің жүру қағидаларына қатысты 130 заң бұзушылық анықтады. Оларға 33 миллион 810 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. автомобиль жолдарына келтірген зияны үшін мемлекеттік бюджетке 518 миллион теңге көлемінде алым қаражаты өндірілді.

Абай Умбетов,

БҚО-дағыкөліктік бақылау

 инспекциясының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале