15.06.2021, 10:41
Оқылды: 1815

№46 мектептің үш түлегі үздік ЖОО-лар грантын жеңіп алды

Оралдағы №46 мектептің үш түлегі еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алды.  

4A50B612-A0CB-45E7-9216-EF73F03495B5

Білім ұясын «Алтын белгімен» аяқтаған Елмира Исмагулова екі оқу орнында тегін білім алу грантына ие болып отыр. Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы ұйымдастырған «Жеті жарғы» олимпиадасына қатысқан өренге академияның «Заңтану» факультетіне 4 жыл тегін білім алу гранты ұсынылған. Сондай-ақ Сүлеймен Демирел атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған республикалық пәндік олимпиадасында І орын алып, осы оқу орнының заң факультетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша грантын иеленді.  

CCCBCCBF-0892-4CD1-B038-EB1304A25FF1

«Үздік аттестат» иегері Алина Таджибаева да екі оқу орнының грантына және бір оқу орнынан жеңілдікке ие болып отыр. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен VIII Республикалық «Ясауи» олимпиадасына Дүние жүзі тарихы пәні бойынша қатысып, ІІІ орын алды әрі грант иегері атанды.  Алматы қаласындағы Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы ұйымдастырған «Жеті жарғы» олимпиадасының қорытындысы бойынша грант ұтып, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің пәндік олимпиадасына қатысып, 4 жылдық оқуға жеңілдік иеленді. 

Аружан  Сағатова есімді түлек еліміздегі әлемдік стандартта білім беретін ерекше әрі жастардың арманына айналған Назарбаев университетінің білім грантын ұтып алып, оқуға жолдама алды.

Дарынды өрендерді ұшырған №46 орта мектеп ұжымы арманға қанат қағып, жаңа белеске бағыт алған түлектерінің әлі де биік белестерді бағындырарына сеніммен қарайды. Мектеп басшысы Ибагүл Сатдықованың айтуынша, биыл білім ұясынан 74 түлек қанат қаққан, олардың  екеуі – «Алтын белгі» иегері, үш түлек «Үздік аттестат» алды.

Орал қалалық білім беру бөлімінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале