2.06.2023, 16:45
Оқылды: 170

"Ақжайық - 2012": Алғашқы жарыста жеңіске жетті

Хорватия елінде өтіп жатқан  "Dalmatinko Cup 2023" турнирінде "Ақжайық - 2012" командасы бақ сынап жатыр. Біздің балалардан өзге аталмыш жарыста "Астана" және "Оқжетпес" футбол клубының жас ойыншылары өнер көрсетуде.

фк (3)

Одан бөлек, жарысқа Черногория, Словения, Македония және алаң иелері – Хорватияның жас футболшылары қатысуда.

фк (7)
Кеше турнирдегі алғашқы жарысын өткізген "Ақжайық" тәрбиеленушілері хорватиялық "HNK Val"-дың намысын қорғаған құрдастарымен кездесті.

Қорытындысында Арман Алтынбеков пен Илья Вавин соққан голдардың арқасында біздің футболшылар жеңіске жетті.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

фк (1) фк (2) фк (4) фк (5) фк (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале