9.12.2022, 15:30
Оқылды: 84

Әлем чемпионаты: Бүгін ширек финал ойындары өтеді

Бүгін Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/4 финалдық ойындары басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022_12_09_crop-9_12_400x600_a1f82d76-28d6-3810-81be-272233a7ba85_850

Бірінші кездесуде турнирдің басты фавориттерінің бірі Бразилия Хорватиямен кездеседі. Ойын ережелерін ФИФА-ның төрешісі Майкл Оливер бақылауда ұстайды. Матч Астана уақытымен сағат 20:50-де басталады.

Тағы бір кездесуде Нидерланды мен Аргентина құрамалары кездеседі. Бас төреші болып испандық Мигель Матеу Лаос тағайындалды. Ойын «Лусаил» стадионында өтеді. Тартысты матч сағат 00:50-де басталады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале