27.06.2022, 16:00
Оқылды: 131

Алғашқы онлайн еңбек жәрмеңкесі бастау алды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 27-29 маусым аралығында өтетін Электрондық еңбек биржасындағы алғашқы онлайн еңбек жәрмеңкесін ашты.

sns8Zs5kNnzJ5YDrfz7DSxLlaT6cPXWTMWkZxkX8 (1)

Оған қазақстандық 23 ірі жұмыс беруші қатысып, 50-ден астам мамандық бойынша 1320 бос жұмыс орнын ұсынды.

Министр өзінің құттықтау сөзінде еңбек жәрмеңкесі жас мамандарға отандық экономиканың флагманы саналатын кәсіпорындарға жұмысқа орналасуға бірегей мүмкіндік беретінін атап өтті.

Электрондық еңбек биржасының арқасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 1 мыңнан астам жастың еліміздің ірі кәсіпорындары ұсынған 50-ден астам кәсіпті қамтитын 1320 бос орынға жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Осы еңбек жәрмеңкесін қолдаған барлық компанияларға алғысымды білдіремін. Осындай іс-шараға алғаш рет қатысып отырған жастарға: асықпаңыз, қорықпаңыз, бүгін сіздің күніңіз, – деді Тамара Дүйсенова.

27 маусым күні еңбек жолын енді бастағалы отырған жас мамандарға арналған еңбек жәрмеңкесі аясында «Тиімді жұмыс іздеу» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылады, онда қатысушыларға мамандар түйіндемені қалай жазу керектігін, жұмыс берушілермен кездесуде өзін қалай ұстау, қандай сәттерге назар аудару қажет екенін үйретеді.

27-29 маусым аралығында әр жұмыс беруші өз компаниясын таныстырады. Онда жұмыс шарттары, ашық бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері және т.б. туралы айтылады. Бірқатар жұмыс іздеушімен тікелей эфирде онлайн-әңгімелесу өткізіледі.

Онлайн еңбек жәрмеңкесі аясында бос жұмыс орнын ұсынған жұмыс берушілердің арасында Еуразиялық топқа (ERG) және Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығына кіретін кәсіпорындарды, Kaspi.kz, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «КАТКО» БК ЖШС, «Ernst & Young Kazakhstan» ЖШС, «Евразия групп Казахстан» ЖШС, «Magnum Cash & Carry» ЖШС, «Первое кредитное бюро» ЖШС компанияларын және тағы басқаларын атап өтуге болады.

Алдағы уақытта осындай жәрмеңкелер халықтың түрлі топтары үшін ай сайын ұйымдастырылады.

baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале