13.07.2022, 17:15
Оқылды: 9

«Antikor оrtalyǵy» «Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарды қабылдайды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2022 жылдың 14 шілдесінде сағат 10.00-12.00 аралығында «Адал көмек» жобасы аясында тұрғындарды мәселелері бойынша қабылдайды.

293482238_3137405439845473_4222502641529322840_n

Жобаның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету.

Шара барысында жер алу кезегінің тәртібі туралы кез келген мәселе бойынша тегін заң көмегі көрсетіледі.

Өтетін орны: БҚО, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 89/1 үй, «Antikor оrtalyǵy» сервистік орталығы.

Анықтама және онлайн тіркелу үшін байланыс телефоны: WhatsАpp +7 (701) 182 17 77.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале