9.12.2022, 14:45
Оқылды: 75

Беларусь әскери инспекторлары Ақмола және Қарағанды гарнизондарында болды

Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты аясында Беларусь елінен келген әскери сарапшылар тобы аталған ауданға инспекция жүргізді. Бұл туралы ҚР қорғаныс министрлігі сайтында жазады. 

a6a3d95593f68205762cac91a769d5c1_1280x720

Сурет:  ҚР қорғаныс министрлігі сайтынан

Беларусь өкілдері Әскери-әуе күштерінің армиялық авиациясының тікұшағымен Ақмола және Қарағанды облыстарын айналып ұшып өтті. Сондай-ақ, инспекторлар елордалық десанттық-шабуылдау құрамасына және Қарағандыдағы авиация базасына да барды.

Инспекция өзара түсіністік пен ынтымақтастық жағдайында өтті. Беларусь тобы қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби деңгейін атай келе, жұмыста көрсеткен көмегі үшін Қорғаныс министрлігіне ризашылығын білдірді.

2ed6897c38ca953281cea9116f90e05c_1280x720

Сурет:  ҚР қорғаныс министрлігі сайтынан

Инспекторлар Қазақстан Республикасының қару-жарақты бақылау саласындағы халықаралық міндеттемелерді адал орындағанын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале