19.03.2023, 16:31
Оқылды: 118

БҚО-да 100 жастағы ҰОС ардагері дауыс берді

1945 жылғы 24 маусымда өткен Жеңіс шеруіне қатысушы, прокуратура органдарының құрметті қызметкері Иван Степанович Гапич өз дауысын үйінен берді. 2 ақпанда ол өзінің ғасырлық мерейтойын атап өткен еді.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 14.48.19 (1)

- Елдегі демократиялық реформалар қоғамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени және басұа да салаларын өзгертуге бағытталған. Жеке өзім сайлаудан халқымыздың өмірінің барлық саласының, адамдардың өмір сүру сапасының жақсаруын күтемін, - деді Иван Гапич.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысына сапары барысында ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аты аңызға айналған Жеңіс шеруіне қатысушы, прокуратура органдарының құрметті қызметкері, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Иван Степанович Гапичке барды. Иван Степанович Президентке озінің өмірі мен қызметіне арналған «Человек чести и долга» атты кітабын табыс етті.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 14.48.19

Иван Гапич еңбек және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы сияқты түрлі тарихи оқиғалар тоғысқан дәуірде өмір сүрді. Қазіргі уақытта көп жасаған ақсақал белсенді қоғамдық қызметті жалғастыруда, көптеген іс-шараларға, кездесулерге қатысады, онда өзінің баға жетпес еңбек және өмірлік тәжірибесімен бөліседі, сондай-ақ жас ұрпаққа Отанға деген жанқиярлық сүйіспеншілік пен өз ісіне адалдық сезімі туралы айтады. Оның бай еңбек және өмір жолы қазіргі ұрпақ үшін үлгі болып табылады.

WhatsApp Image 2023-03-19 at 14.48.20 (1)

Ардагер өмір бойы 40-тан астам сайлауға қатысқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале