5.08.2021, 23:49
Оқылды: 23

Болашағы айқын «Болашақ-Т»

Елімізде жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде құрылысшылардың кәсіби мерекесі тойланады. Қоғамның айнымас бөлшегі, экономиканың негізгі тірегі де осы мамандық иелері екені даусыз.

p1060827

Себебі кез келген экономиканың іргетасын құрылысшылардың қолынан шыққан нысандар құрайды.
Құрылысшылардың кәсіби мерекесі қарсаңында облыста көпқабатты тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар салуда көш бастап тұрған «Болашақ-Т» ЖШС-ның директоры Асқар Қощановпен тілдесудің сәті түсті.

«Болашақ-Т» ЖШС қазақстандық нарықта үлкен тәжірибесі бар өндірістік-құрылыс компаниясы 1998 жылдың 26 тамызында «Уральсксельстрой» ПМК-2 негізінде құрылған. Кәсіпорын сол жылдардан бастап мемлекеттің әлеуметтік жобаларды дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысады. Қазір «Болашақ-Т» ЖШС облыс бойынша құрылыс нарығындағы көшбасшылардың бірі болып отыр. Сапа менеджментінің СТРК ИСО 9001-2001 жүйесіне сәйкестендіру сертфикатын иеленген. Сондай-ақ серіктестіктің екі жеке базасы бар, оның бірі Орал қаласында
орналасқан. Аумағы 2,39 гектарды құрайды. Онда кеңсе жиһазы, көлік тұрақтары мен қоймалар бар. Екіншісі Подстепный кентінде орналасқан. Компания монолитті
темірбетон конструкцияларын, көпқабатты тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттарды,
мектеп, балабақша, аурухана секілді әлеуметтік нысандарды салады. Қасбеттерді безендіру кезінде гранит және фарфордан жасалған плиткалар, сәндік сылақ және бояуды, алюминий және металл-пластикалық витраждар сияқты жоғары сапалы құрылыс материалдарын қолданады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты. Түскен пайда жаңа жабдықтар мен техника сатып алуға, өндіріс технологиясын жетілдіруге, жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.

Гүлсезім Бияшева

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 6 тамызындағы №63 санынан оқи аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале