ҚР Президенті жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік берілетінін айтты
20 Қаңтар 2022

ҚР Президенті жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік берілетінін айтты

Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 12 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды
20 Қаңтар 2022

Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 12 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

Қазақстанда өткен тәулікте 15872 адам коронавирусқа шалдыққан
20 Қаңтар 2022

Қазақстанда өткен тәулікте 15872 адам коронавирусқа шалдыққан

Театр және кино актері Төлеубек Аралбай дүниеден өтті
20 Қаңтар 2022

Театр және кино актері Төлеубек Аралбай дүниеден өтті

Жаңа мектеп жарқын болашаққа бастайды
20 Қаңтар 2022

Жаңа мектеп жарқын болашаққа бастайды

Бейбіт Исабаев Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымына сайланды
20 Қаңтар 2022

Бейбіт Исабаев Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы лауазымына сайланды

13.12.2016, 19:20
Оқылды: 24
Данияр өзі оқыған мектебіне келді

daniar-wkola-3Бүгін Оралдың оғланы, 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері Данияр Елеусінов өзі оқып білім алған М.Ықсанов атындағы №36 орта мектебіне қонаққа келіп, жас спортшылармен кездесті.  Чемпионмен бірге оның әкесі әрі бапкері Марат Елеусінов және Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тимур Шаяхметов те келді.


daniyar-2Айта кетейік, Данияр аталмыш мектептің табалдырығын 1998 жылы аттаған болатын. Кездесуге Данияр «Әліппені» жаттатқызып, қолына қалам ұстатқан алғашқы  ұстазы Ахметова Зылиха Базарбайқызы және бірге оқыған сыныптастары арнайы шақырылды.  Чемпион өз партасына отырып, балалық шағын есіне алды.

Мектеп оқушылары Данияр Маратұлына, бапкері Марат Талипұлына өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, Олимпиада чемпионының балалық шағынан бастап, әлемдік дәрежедегі спорттық өмір жолы туралы еркін сұхбаттасты.

Мектеп директоры А.З.Губашева Даниярға естелік ретінде М.Ықсановқа арналған «Ұлы тұлға» кітабын тарту етті.

daniar-wkola-2Кездесу соңында мәртебелі меймандарға арнап «Батырларға арнау» әні орындалды. Оқушылар болса, таласа-тармаса бес құрлықтың басы қосылған әлемдік додада олжа салған жерлес ағаларынан  қолтаңба алуға асықты.

Айгүл Ахметова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале