7.06.2023, 11:45
Оқылды: 169

Демалыс орындары санитариялық мамандар назарында

Жаз келді. Күн жылысымен адамдардың отбасымен бірге табиғат аясына демалысқа шыққысы келетіні анық.

tent-4558240_640

Халық денсаулығының қауіпсіздігі үшін жыл сайын БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқарма мамандарымен тұрғындар демалатын жерлердің суы мен топырағы зерттеліп отырады. Биыл да санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу барысында су айдындарындағы судың, жағалау топырағының қауіпсіздігіне және сапасына зертханалық бақылау жүргізілді. Микробиологиялық, санитариялық-химиялық және паразитарлық  көрсеткіштерге барлығы 164 су және 189 топырақ сынамасы алынды. Зертханалық зерттеу қорытындысы бойынша, зерттелген су және топырақ үлгілері санитариялық қағидалардың талаптарына сай келді.

Шомылу маусымы аяқталғанша демалыс аймағындағы су көздері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық мамандарының бақылауында болады.

Демалыс орындарының жеке кәсіпкерлері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы рұқсат құжатты алуы қажет.

Бүгінгі таңда облысымызда халық үшін жаппай демалу, туризм және спортқа арналған 36 демалыс орны бар.

Демалыс орнын ашар алдында демалыс орнының иелері төмендегілерді ескеруі қажет:

- демалуға және шомылуға (пляж) арналған аумақ қоқыстан тазартылуы тиіс;

- көпшілік демалатын орындарды орналастыру порттардан, шлюздерден, су электр станцияларынан, сарқынды суларды ағызатын жерлерден, мал қоралары мен суаратын жерлерден және басқа да ластану көздерінен алшақтатуды ескере отырып жүргізіледі немесе көрсетілген ластану көздерінен кемінде 500 м қашықтықта, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитариялық-қорғаныш аймақтарынан тыс жерде және қоршаған ортаны ластау көздері мен шу көздеріне қатысты жел жағынан орналастырылады.  Жағажайлар шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздерінің санитариялық қорғау аймағының бірінші белдеуі шекарасында орналастырылмайды.

- жағажай аумағында күн сәулесі түсетін бастырмалар немесе шатырлар, жатақтар мен орындықтар, шезлонгтар жабдықталады. Киініп-шешіну үшін 50 адамға бір кабина есебімен жалпы немесе жеке кабиналар орнатылады.

- күнделікті жағажай жабылғаннан кейін жағалауды тазалау, киініп-шешінетін орындарды, жасыл аймақтарды және дәретханаларды тазалау, дезинфекциялау жүргізіледі. Күні бойы ағымдық тазалау жүргізіледі. Жиналған қалдықтар дер кезінде шығарылады.

- құмды жағажайларда аптасына бір рет жиналған қалдықтарды жойып және құмның беткі қабатына механикаландырылған қопсыту жүргізіледі. Қопсытқаннан кейін құм тегістеледі. Құм немесе қиыршық тас себу жыл сайын өткізіледі.

- жағажайларда кір жуу және жануарларды шомылдыру жүргізілмейді.

- қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қойылған контейнерлер жағажайлардан және демалушылардың көп жиналатын орындарынан 50 м.-ден жақын емес қашықтықта орналасады.

- жағажайлардың аумақтарында дәретханалар 75 келушіге бір орын есебінен орнатылады, қоғамдық дәретханалардан шомылу орнына дейінгі қашықтық кемінде 50 м және 200 м артық емес болады.

- суды бұру жүйелеріне қосылмаған дәретханалар мен қазылған шұңқырлар он күнде бір рет қолдануға рұқсат етілген препараттармен дезинфекцияланады.

- қазылған шұңқырлар, септиктер толтыру бойынша уақытылы тазартылады, дезинфекцияланады.

 

Лаура Насырова,

Батыс Қазақстан облысының

санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале