19.08.2022, 12:00
Оқылды: 282

Директорлар ротациясы: кім, қайда ауысты?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидасына сәйкес, Орал қаласындағы мектеп пен балабақша директорларын ротациялау жұмысы кезең-кезеңмен жүргізілуде.

IMG_20220819_113143

Орал қалалық білім беру бөлімінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні ротациялауға жататын, яғни білім беру мекемесінде 4-7 жыл аралығында немесе 7 жылдан астам басқарған мектеп директорлары – 30-ды, балабақша меңгерушілері – 37-ні құрапты.

Ротацияның  І кезеңінде 2 мектеп директоры, 8 балабақша меңгерушісі қызмет орындарын ауыстырған.

ІІ кезеңінде 13 мектеп директоры, 9 балабақша меңгерушісі ротацияға іліккен.

ІІІ кезең бойынша 12 мектеп директоры, 10 балабақша меңгерушісі құжаттары ротациялау комиссиясында қаралып, шешімі қабылданды.

М.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ директоры қызметін атқарған Азима Ғұбашева №42 «Ақ ниет» гимназиясына, ал №42 «Ақ ниет» гимназиясы директоры лауазымын атқарған Ерік Темірғалиев М.Ықсанов атындағы №36 ЖОББ мектебіне ауыстырылған.

№4 қосымша білім беру мектеп-орталығында мектеп директоры лауазымын атқарған Мәулен Ділмағанбетов №22 мектепке, ал аталған мектептің директоры Жанаргүл Аймурзина №4 қосымша білім беру мектеп-орталығына тағайындалды.

Ал №21 ЖОББМ директоры лауазымын атқарған Лаура Шаркубенова мен №25 ЖОББ мектебінің директоры Батима Асқарованың да қызметтері өзара ауыстырылды.

№19 мектептің директоры қызметінде болған Алтын Жұмағалиева №37 ЖОББ мектебіне, №37 ЖОББМ директоры Тамара Мұрадымова №14 ЖОББ мектебіне ротацияланды.

№14 ЖОББМ директоры Талғат Дәулетов №19 ЖОББ мектебіне ауысты.

Сондай-ақ №47 ЖОББМ директоры қызметін атқарған Наталья Ерғожиева №49 ЖОББ мектебіне, №49 мектептің директоры Нұржан Алпысбаев Серебряково ЖОББ мектебіне ротацияланды.

Аталған ауыл мектебінің басшысы Нұрлан Саттықов қаладағы №47 мектепке ауыстырылды.

Бір айта кетерлігі, білім бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей №29 бен 39 мектептің директорлары зейнет жасына шықса,  №30 мектеп директоры қызметінен кеткен.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале