15.09.2022, 16:31
Оқылды: 515

Дзюдодан әлем чемпионы атанды

Польшаның Краков қаласында 8-11 қыркүйек күндері дзюдо күресінен ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті.

Казболат (3)

Чемпионаттың алғашқы күні 60-64 жас аралығында 60 келі салмақ дәрежесінде  сынға түскен жерлесіміз Қазболат Құрмашев барлық қарсыласынан басым түсіп, дзюдодан әлем чемпионы атанды. Ол осы уақытқа дейін самбодан 6 мәрте әлем чемпионы атанған еді.
Қазболат Сағынғалиұлы дәстүрлі әлем чемпионатына ерекше дайындықпен барған. Байрақты додаға қатысу үшін 69 келіден 60 келіге дейін салмақ тастапты.

Казболат (2)
- Мұндай әлемдік жарысқа қатысу үшін жақсы дайындық керек. Қажетті салмаққа жету де оңай шаруа емес. Күнделікті жоспар құрдым. Әр таңды жүгіруден бастасам, одан әрі жаттығу жасаймын, демаламын, кешке әріптестеріммен жекпе-жекке шығып дайындалдық. Ең бастысы денсаулыққа кері әсерін тигізбеуі қажет. Тағы бір айта кетерлігі дұрыс тамақтануды қаперде ұстаймыз. Чемпионатта Франция, Италия, Румыния, Украинадан келген спортшылар қарсыласым болды. Барлығы 55 мемлекеттен 900-ге жуық спортшы қатысты. Нәтижесінде Қазақстан 7 орынға тұрақтады, - деді бізбен әңгімесінде Қазболат Сағынғалиұлы.

Казболат (1)
Ардагерлер арасындағы спортты дамытуға өз үлесін қосып жүрген оның ерен еңбегі көп адамға үлгі. КСРО-ның спорт шебері еңбекқорлық пен табандылықтың, төзімділік пен сабырлықтың нағыз баламасы.

Динара Насыр,
zhaikpress.kz

Суретке түсірген: Гүлмира Сәрсенғалиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале