8.10.2021, 20:10
Оқылды: 188

Е.Тоғжанов Мемлекет басшысының жолдауы аясында жұмыс сапарымен өңірімізге келді

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын түсіндіру және орындау жөніндегі жұмыс сапары аясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады.

1F14EF58-F1F5-4A23-B02E-842A872F5A23

Бірінші нысан - өңірдегі жетекші заманауи "Uniserv Medical Center" клиникасы, онда медициналық қызметтердің толық спектрі көрсетіледі.  015C2207-10D8-4A2A-8587-797790908266

Бұдан әрі вице-Премьер Теректі ауданының Подстепное кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Зачаганск кентіндегі бұрынғы мейрамхана ғимаратында ашылған "Шабыт" мектептен тыс жұмыс орталығының қызметімен танысты. Атқарушы органдардың қолдауымен жергілікті кәсіпкерлер мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында ойын-сауық бизнесін әлеуметтік жобаға қайта бейімдеді.  9B5C8B96-53B7-469C-8C64-B6B4D721071D

Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысының Жолдауда балалар спортын дамытуға басымдық бергенін айрықша атап өтті. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында мектептен тыс қосымша білім берумен қамту көрсеткіші 98,7% - ды құрайды. Облыстың он мыңдаған жасөспірімдерінің үйірмелер мен жастар ұжымдарында шығармашылықпен және спортпен шұғылдануға мүмкіндігі бар.
9E7F7E12-901D-41A4-814C-53D6A940867E

Сондай-ақ, делегация әлеуметтік кәсіпкерлік бағдарламасы аясында ашылған нысандарды аралады. Атап айтқанда, "Протездеу және ортопедия орталығы",  ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға консультациялық және психологиялық қолдау көрсетілетін "Тең қоғам" әлеуметтік қолдау орталығы. CF62BC0B-8D6D-432B-9837-B2C6F7C9280A

Сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары өңірдегі эпидемиологиялық ахуал мәселелері бойынша облыс активімен кеңес өткізді.  276E61F8-EF5C-442C-8F80-F285A8809716

Е. Тоғжанов COVID-19-ға қарсы вакцинациялау деңгейін күшейтуді, сондай-ақ өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
5D4DFF47-78FA-4D5C-A98C-FFDC682CAEAB

Кеңес соңында Премьер-Министрдің орынбасары облыс басшылығының әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі оң жұмысын атап өтті – өңірде шағын жинақталған, үш ауысымды мектептердің орнында заманауи білім беру нысандары салынуда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік белсенді дамуда, халықтың осал топтарына қолдау көрсетілуде.
31FB866F-2444-4ADB-8CAE-C8DC0A4A9A93

Вице-Премьер облыс әкімдігіне өңірді дамыту және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешу жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале