28.09.2021, 9:39
Оқылды: 63

Инвестиция тарту жағынан екі өңір көш басында тұр

Бүгін Үкімет отырысында Индустрияландыру картасы жобаларын талқылау кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жобаларды пайдалануға беру қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210928095807989a3841829i
«Инвестиция тарту жағынан 2 өңір көш басында тұр (699,9 млрд. теңге сомасына 28 жоба). Шығыс Қазақстан облысында инвестиция көлемі 469,7 млрд. теңге болатын 14 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Қарағанды облысында 14 жоба іске асырылмақ. Инвестиция көлемі - 230,2 млрд. теңге», - деді Б. Атамқұлов.

Оның айтуынша, қыркүйек айындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 296 млрд. теңге болатын 28 жоба пайдалануға берілді. 3,5 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобалардың дайындығы 9 өңірде 80%-дан жоғары, 6 өңірде қарқын орташа. «2 өңірде (Қызылорда облысы мен Алматы қаласында) жобаларды пайдалануға беру кешігіп жатыр (тиісінше 75% және 72% деңгейінде). Нұр-Сұлтан (3,4 млрд. теңге) және Алматы (8,2 млрд. теңге) қалаларында индустриялық жобаларға салынатын инвестициялар көлемінің қала экономикасына қатысы үлесі шамалы. Сондай-ақ, Ақмола облысындағы жобаларға салынған инвестициялар 2020 жылғы 42 млрд теңге болса, биыл 3,9 млрд. теңгеге дейін түскен. Яғни, 10 есе төмендеген. Бұл өңірлер жұмысты жандандыруы қажет», - деді министр.

Пайдалануға берілген жобалардың ішінде мынадай ірі жобаларды атап өтуге болады: Бірінші жоба – Қарағанды облысында «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ-да жұмыс істеп тұрған өндірісті жаңғырту және байыту фабрикасының құрылысы. Кәсіпорынды жаңғырту қорғасын-мырыш кенін өндіру көлемін 2,5 есеге (жылына 2 млн.тоннадан 5 млн. тоннаға дейін) ұлғайтуға мүмкіндік береді. Екінші жоба – «Петропавл электр техникалық зауыты» ЖШС трансформаторлар өндірісі. Бұл Алагеум тобындағы 4-ші ірі зауыт. Кәсіпорынды іске қосу отандық трансформаторлар өндірісін жылына 44 мың қуатқа қол жеткізіп, 40%-ға (32 мыңнан) арттырады. Бұл ретте, экспорт жылына 25 мың бірлікке (15 мың бірліктен) жетеді. Үшінші жоба – Саран қаласындағы қуаты жылына 1200 болатын «QazTehna» ЖШС Yutong жолаушылар автобусын шығару. Жоба іске асырыла бастаған кезде (2020 жылғы желтоқсан) оқшаулау деңгейі 29% болды. 2021 жылғы маусымда шағын торапты өндіру әдісі (CKD) пайдалануға берілді. Бұл кейбір модельдердің оқшаулауын 40%-ға дейін арттырады. Келешекте Саран қаласында шина зауыты іске қосылса (KamaTyres) және отандық аккумуляторларды (Қайнар-АКБ) пайдаланғанда, оқшаулау деңгейі 50%-ға дейін жетуі тиіс. Бұл автобустар Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп өткізілетін «Балаларды мектеп автобустарымен тасымалдауды ұйымдастыру» жол картасы аясында пайдаланылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале