5.07.2022, 9:30
Оқылды: 129

Қалдықтарды кәдеге жаратайық

Мені көптен бері тұрмыстық қалдықтар мәселесі мазалайды. Бұл мәселе экологиялық әрі экономикалық тұрғыда өте өзекті. Мысалға, бір тұрғын күні бойына қалдыратын қоқыс құны 50 теңге деп есептейік.

мусор

Осыны елдегі барлық адам санына көбейтейік. Нәтижесі бір миллиард теңгеге жетіп қалады екен. Бұл – 10 000 000 теңге тұратын 100 баспананың құны. Күн сайын осынша пайда табудың орнына қоқысқа белшемізден батып жатырмыз. Немқұрайлы қарап, табиғатты қорлау қашан тоқтайды? Министрліктер өз бетімен шетелдік озық тәжірибелерді зерттемесе, іс жүзінде қолданбаса, ондай қолы қысқа сала басшыларынан не пайда?

Дүние жүзінде тұрмыстық қалдықтарды табысты салаға айналдырудың бір-ақ жолы бар. Ол тәсіл – қалдықтарды үйден іріктеп шығару. Біз де көш соңында қалмайық.  Дамыған елдердің, әсіресе Еуроодақ ұйымының тәртібінен үлгі алайық. Бастапқыда әрбір қалдық жинайтын орынға бақылаушы қоялық. Ол үйретсін қоқысты бөліп, жинастыруды. Керек болса, айыппұл салсын. Іріктелген тұрмыстық қалдықтарға сұраныс шетелде де, өзімізде де бар емес пе? Суға түспей, жүзуді үйренбеспіз. Президентіміз қолдап, жоғарыдан керекті заң, бұйрық шықса, ел болып алға қадам жасайтынымызға сенім мол.

Сүлеймен Бақтығалиев,

Орал қаласы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале