29.07.2021, 18:59
Оқылды: 246

Кәсіподақ мүшелері онлайн семинарға қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Батыс Қазақстан облысындағы кәсіподақ мүшелері мен мамандары үшін онлайн оқыту семинары өтті. Шараға 100-ге жуық кәсіподақ мүшесі қатысты.

image-29-07-21-06-43 (1)
Семинарда ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов қазіргі еңбек қатынастарында қызметкерлердің құқықтық сауатты болуының маңыздылығына тоқталып, кәсіподақ мүшелерін белсенді қатысуға шақырды. Ал Кәсіподақтар федерациясының Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Тимур Нұғыманов ҚР Еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты.

image-29-07-21-06-43
Құқықтық сала бойынша кәсіподақтың білікті, тәжірибелі маман, ҚРКФ-ның ұйымдастыру және бақылау жұмыстары жөніндегі директор орынбары Ләззат Есжанова еңбек қатынастарында қолданылатын тәжірибелермен, орын алған жағдаяттық мәселелермен бөлісті. Сондай-ақ “Павлодар облысы кәсіподақтар орталығы” АКБ жанындағы Татуласу орталығының жетекшісі Марина Иванова заңдық сипат алған еңбек шиеленістерін тиімді шешу үшін мысалдар келтірді.

Кездесу соңында қатысушылар сұрақ қойып, тиісінше жауап алды.

“БҚО Кәсіподақтар орталығы” АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале