22.07.2021, 19:14
Оқылды: 188

Кәсіподақ жастары кәсіпкерлік бағдарламаларға қатысты ұсыныс білдірді

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық «Nur Otan» партиясының ғимаратында партия жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өткізілді.

image-22-07-21-06-49

Аталмыш кездесуге Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің өкілі де қатысты.

Жиында «Жас кәсіпкер және «Бастау бизес» мемлекеттік бағдарламаларының тиімді әрі сапалы іске асырылуы аясында талқылаулар жүргізіліп, сұрақ-ұсыныстар қаралды.

Кездесу барысында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бастау бизнес» мемлекеттік бағдарламасының өңірдегі координаторы Альбина Болатқызы мемлекеттік кәсіпкерлік бағдарламалар туралы түсіндіріп, өңірде аталмыш бағдарламалар арқылы білім алып, өзінің жеке кәсібін бастаған тұрғындар туралы айтып өтті. Бұл орайда, кеңес мүшелерінен көптеген сұрақт туындап, ұсыныстарын білдірді.

 Кеңес төрайымы, облыстық мәслихат депутаты – Шаттық Өтебалиева аталған бағдарламалардың «кері байланыс» нәтижесіне көңіл толмайтын тұстары бар екендігін жеткізді. Оның ішінде сайттың өте баяу жұмыс істеуі жөнінде де айтылды. Сондай-ақ 500 мың теңгелік гранттар көлемін миллионға дейін ұлғайтуға ұсынысын білдірді. Кеңес мүшесі, кәсіподақ жастарының өкілі Ақерке Шайқы кәсіпкерлік бастамалардың, мемлекеттік жобалардың қазіргі жастар үшін, әсіресе NEET тобындағы жастар үшін жақсы мүмкіндіктер беріп жатқанын алға тартып:

- Қазіргі жастардың көбінде кәсіпкерлікке деген қызығушылық бар, тек дұрыс бағыт таппай жүргендер көп. Жастар бағдарлама туралы естімегеннен немесе білмегеннен, түсінбегеннен әрекетсіз. Сайттарға ұзындығы ең кемі 8-9 бет болатын жобаның тұжырымдамасын орналастырып, іздеп, сұрай келгендерді сол жаққа сілтемелеу – нәтижелі ақпараттық-түсіндіру жұмысы деп ойламаймын. Шағын ақпарат, контексттермен жұмыс жасайтын уақыт келді, - деп ұсынысын жеткізді.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале