12.05.2021, 10:53
Оқылды: 144

«Қазақстанда жасалған» немесе бюджет қаражатын қалай үнемдеу керек?

«Ведомстволық фельдшерлердің» кәсібіне адалдығы

«ҚР ҰҚК Шекара қызметі Техника мен қару-жарақ жөндеу» басқармасының ғимаратында кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың назарын аударатын дабыра маңдайшаларды көрмейсіз. Бәрі де қызметтің құрылымдық бөлімшесіне тән қалыпты да қарапайым.

«Ведомстволық фельдшерлердің» шығармашылық үдерісі мен олардың өз туындылары туралы қандай ынтамен айтқанын көріп, олардың өз ісіне жан-тәнімен берілгенін, оған орасан зор күш-қуат жұмсағанын түсінесің.

кк1

КСРО МҚК Шекара әскерлерінің бірінші аймақаралық жөндеу зауыты 1983 жылы құрылып, «2468 әскери бөлімі» шартты атауына ие болды. 2020 жылдан бастап әскери бөлім «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Техника мен қару-жарақ жөндеу басқармасы» болып қайта аталды.

Жөндеу зауытының қалыптасуы мен дамуы қайта құру дәуірі мен ел тәуелсіздігінің қалыптасуын басынан өткерген басқа да кәсіпорындардағыдай жеңіл болған жоқ. Жұмыскерлердің кәсібіне адалдығының арқасында аяққа тұрып, жұмысты жалғастырып қана қоймай, жаңа әскери техника өндірісін реттеуге де қол жеткізілді.

Автомашиналарды, қару-жарақты қайта құрастыру, инженерлік құралдар жасау, радиолокациялық станцияларды жөндеу, техниканы монтаждау және іске қосу, Күн электр станцияларын орнату және баптау – зауытшылардың ойлап тауып, іске асырған істерінің аз ғана бөлігі. Іс жүзінде шекараның әрбір бірлік техникасы мен инженерлік құрылысы зауытшылардың шебер қолдарынан өтеді.

Жасалғанның бәрін тізіп шығу мүмкін емес

Басқарманың әр бөлімшесінің өз міндеті бар. Автоброньды танк пен инженерлік техниканы жөндеумен, жылжымалы далалық моншалар мен қару сақтауға арналған бөлмелерді жасаумен автомобиль және броньды танк техникасын жөндеу бөлімшесінің қызметкерлері айналысады. Әлемдегі және елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал жағдайында кәсіпорында 2020 жылы модельденген контейнер түріндегі медициналық сүзгі пункттері ерекше сұранысқа ие болып отыр. Ал қызметкерлер түрлендірген «жол талғамайтын көліктер» - ГАЗ «ЕГЕРЬ» және УАЗ «ФЕРМЕР» автомашиналары өтуі қиын жерлерде шекаралық нарядтарды қызмет өткеру орындарына апаруды, тауар-материалдық құндылықтарды жеткізуді едәуір жеңілдетті.

Шекарашылардың дала жағдайында өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін зауытшылар заманауи талаптарға сәйкес келетін модульдік үлгідегі тұрғын үй модульдері мен монша-кір жуу құрылыстарын әзірледі. Оған орнатылған «УТЕС» ірі калибрлі пулеметіне арналған мұнара, АГС-17 автоматты станоктық гранататқышы, түрлі оқ-дәрілер мен десант отырғызуға арналған арнайы орындар оны сұсты көрсетіп, керемет техникалық күш береді.

Есептік-конструкторлық топтың жаңалығы

Жаңа өнім өндіру бойынша кестелерді, сызбаларды және есептерді жобалап, әзірлейді. Сондай-ақ есептеу-құрастыру тобындағы жас жігіттер жүріп өту мүмкіндігі жоғары машиналар үшін техниканы қайта құрастырады. Техниктер А.Кудеринов, М.Агментаев, Д.Ажетов, Ж.Тәженов, автоэлектрик Ж.Оңғарбаев, дәнекерлеуші Е.Атаханов, бояушы Е.Сейдалин мен темір ұстасы В.Ворошихинді зауытта «отандық Кулибиндер» деп атайды.

Бұл жерде тек «техниктер» немесе құрастырушы инженерлер жұмыс істейді деп ойламаңыздар. Топтың аға технигі Айқынбаев Ардақ білімі бойынша қаржыгер, бұрын ол өз өмірін техникамен байланыстырамын деп мүлдем ойлаған емес. Шекара қызметінің Орталық аппаратында келісімшарт бойынша қызмет өткеру кезінде қызметтен бос уақытында «Багги» квадроциклін қайта жаңартқан болатын. Қызмет басшылығы оның өнертабысы туралы біліп, жас шекарашыны тәжірибе алмасу үшін ТҚЖ басқармасына жіберген еді, онда ол бүгінгі күнге дейін еңбек етеді.

Топ құраған «Амфибия» шынжыр табанды жол талғамайтын көлігі туралы Ардақ ерекше мақтанышпен айтады: «Амфибия» – бұл ірі алпауыт машина, ол жол жоқ жерлерде пайдалану үшін арналған, біз шынжыр табандарды қолмен, тартқыштар таспасынан жасадық. Қажетті құжаттарды дайындау аяқталғаннан кейін жол талғамайтын көлік Арал немесе Каспий теңізіне жөнелтіледі». Сержант Айқынбаев 2020 жылдың жаңалығы – УАЗ Hunter базасында жаңартылған батпақта жүретін көлік туралы да айтып берді. Бүгінгі таңда мұндай техниканың 4 бірлігін өтуге қиын жерлерде қызмет ететін шекарашылар сәтті қолдануда. Осындай батпақта жүретін көлікті көргенде оны жүргізіп, самал желдей ескің келіп тұрады, былайша айтқанда, сенімді әрі төзгіш техниканың жүрісі мен қуатын сезінгің келеді.

Ең қызығы, кәсіпорындағы барлық өнертабыстар шекара бөлімшелерінің есептен шығарылған техникасынан жасалған. Зауыт жұмысшылары ведомствоға арналған техниканы іс жүзінде жоқтан бар жасай отырып, бюджет қаражатын қашалықты үнемдейтінін білесіз бе? Басқармада құрылған батпақта жүргіштердің, «амфибиялардың» өзіндік құны өте төмен, ал ресейлік сайттардағы ұқсас техниканың құны 5 млн. ресейлік рубльге жетеді, бұл шамамен 27 млн. теңгені құрайды. Мысалы, инженерлік-техникалық құралдарды жөндеу және монтаждау бойынша бөлімшенің өнімді жұмысының арқасында өткен жылдың өзінде 265 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді. Ал зауытта мұндай бөлімшелердің саны – 4.

Бүгінгі таңда зауыт жұмысшылары жаңа жобаларды қаржыландырудың жақсаруын, жасалған техниканы шығаруды ағынға қоюдың мүмкіндігін армандайды, басқаша айтқанда, жігіттер ұшқыр қиялдарының самғауын мәселенің қаржылық жағымен шектемей, кең көлемде құлаштағылары келеді. Жаңа белестерге қарыштай ұмтылып, өз ведомствосы мен еліне пайда әкелгісі келетіндіктен, зауыт қызметкерлерінің арманы жүзеге асады деп сенеміз. Адал еңбектеріңіз бен ортақ іске жанашырлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздер жасаған техника сенімді әрі қауіпсіз болып, шекарашыларымыз оны тек бейбіт мақсатта қолдансын!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале