24.05.2022, 15:08
Оқылды: 38

Қазақстанда жыл басынан бері қанша адам пойыз астына түсіп, қаза тапты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалының қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Бақытбек Алдажаров жыл өткен сайын теміржол рельсіндегі төтенше жағдайлардың саны артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

39456298ca244f759210634889b561f4

Төрт жылда 411 адамның пойыз астына түсіп, қаза болуы тіркелген. Оның ішінде 56 жағдайда адамдар мас болса, 32-сі суицидке барған.

-Жыл басынан бері темір жолда 25 соқтығысу оқиғасы тіркелді. Оның 13-інде адам өлімімен аяқталды, 12-сі жарақат алды. Ал былтырғы көрсеткіш бойынша 16 жағдай болған еді. Мұндай жағдайлардың саны жыл сайын артып келеді, өйткені қауіпті аймақта болу ережелерінің талаптары бұзылады. - деді Бақытбек Алдажаров.

Оның айтуынша, жүк пойызы 80 км/сағ астам жылдамдықпен қозғалса, жолаушылар пойыздарының жылдамдығы 140 км/сағ жетеді. Сондықтан мұндай жылдамдықпен қозғалған кезде пойыздарды бірден тоқтату қиынға соғады.

Сонымен қатар адамдарды электр тогының соғуы – темір жол үшін де өткір мәселе.

-Балалар теміржол нысандарында ойнауды, селфи жасауды, TikTok түсіруді жалғастырып жатыр. Соның салдарынан оларды электр тогы соғады. Нәтиже – жарақат немесе өлім. 2021 жылы 14 адам электр тогының соғуының құрбаны болды. Оның 9-ы – кәмелетке толмағандар. 6 жағдайда жарақат ауыр болып, адам қаза тапты. 2022 жылдың төрт айында осындай бір жағдай тіркелді, - деді Бақытбек Алдажаров.

Бақытбек Алдажаров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ темір жолдарға арнайы қоршаулар, ескерту белгілері орнатылып жатса да, мұның барлығына тұрғындар немқұрайлы қарайтынын жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале